Алматы Халықаралық әуежайынан бірқатар рейстердің ұшуы кешіктірілді, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
"14-15 наурыз күнгі сағат 08:00 жағдай бойынша Халықаралық Алматы әуежайында "Скат" ӘК-ның DV781 Алматы-Қарағанды (Қарағанды қаласындағы метео жағдайға байланысты), "Скат" ӘК-ның DV737 Алматы-Петропавл (ұшақтың кешігіп келуі) және "Эйр Астана" ӘК-ның KC401 Алматы-Киев (техникалық себептерге байланысты) бағыттары бойынша рейсті орындайтын ұшақтар кешігіп жөнелтілді", – делінген хабарламада.
Айта кетейік, әуежай мәліметі бойынша бірде бір рейстің ұшуы тоқтатылған жоқ. Қазіргі уақытта Халыкаралық Алматы әуежайында әуе кемесін қабылдауға және ұшып шығаруға шектеу жоқ.