Алматы әуежайында екі шетелдік Францияның жалған төлқұжатын көрсеткен

375

Жалған төлқұжаттар алынды, шетелдік азаматтар депортацияланды.

Алматы әуежайында екі шетелдік Францияның жалған төлқұжатын көрсеткен Фото: ҰҚК

ҰҚК жалған төлқұжаттар арқылы шекарадан өту дерегін анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ҰҚК Шекара қызметі Қазақстан аумағын заңсыз қөші-қон үшін маршрут ретінде пайдаланудың кезекті әрекетінің жолын кесті.

2024 жылғы 1 наурызда Алматы қаласының халықаралық әуежайында шекаралық бақылауды жүзеге асыру кезінде Франция Республикасының жалған құжаттарын ұсынған 2 шетелдік азамат ұсталды. Арнайы техникалық құралдарды пайдалана отырып, олардың жарамсыздығы расталды. Жалған төлқұжаттар алынды, шетелдік азаматтар депортацияланды, - делінген хабарламада.

2024 жылдың басынан шекарашылар Мемлекеттік шекара арқылы өткізу бекеттерінде жарамсыз және бөтен төлқұжаттарды пайдаланудың 38 фактісінің жолын кесті.

ҰҚК Шекара қызметі жалған құжаттарды пайдалана отырып, шекараны бұзғаны үшін қылмыстық жауаптылық көзделгенін хабарлайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу