Алматы әуежайында есірткімен ұсталғандарға қатысты тергеу жүріп жатыр

2151

Ұлттық қауіпсіздік комитеті жауап берді.

Алматы әуежайында есірткімен ұсталғандарға қатысты тергеу жүріп жатыр Фото: Inbusiness.kz

Алматы әуежайы қызметкерлеріне қатысты есірткі ісі бойынша тергеу басталды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты ҚазТАГ агенттігіне сілтеме жасап.

"Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы әуежайының қызметкерлеріне қатысты ҚР ҚК 297-баптың 3-бөлігінің 1 және 3-тармақтары (Есірткі құралдарын өткізу мақсатында заңсыз өндіру, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр", – деп жауап берді ҰҚК баспасөз қызметі агенттіктің сауалына.

ҰҚК Алматы халықаралық әуежайы әкімшілік департаменті басшысының орынбасары, түрік топ-менеджері Уфук Серттің ұсталғаны туралы ақпаратты растамады.

Айта кетсек, 28 желтоқсанда Алматы әуежайының түркиялық екі топ-менеджері аяқ астынан жұмыстан кеткенін жазғанбыз. 5 қаңтарда лауазымды тұлғаларға қатысты әуежайда ішкі тергеу жүріп жатқаны айтылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу