Бұл туралы Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
"5 желтоқсанда Алматы әуежайының желілік полиция бөліміне FlyArystan әуе компаниясының супервайзерінен тіркеу орнында құқық бұзушылық орын алғаны туралы хабарлама келіп түсті. Тексеру барысында полицейлер балағат сөздер айтып, пластикалық тіркеу үстелін қиратқан 35 жастағы елорда тұрғынын ұстады", - деді Көліктегі полиция басқармасының әкімшілік полиция бөлімінің бастығы Дәулет Молдаханов.
Полицейлердің айтуынша, ер адамды Павлодарға ұшатын рейстен қалған, себебі ол жөнсіз сөздер айтып, дөрекілік көрсеткен.
Құқық бұзушыға қатысты полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 2-бөлігімен (ұсақ бұзақылық) және ӘҚБтК-нің 440-бабының 1-бөлігімен екі әкімшілік хаттама толтырды.
Қазақстан Республикасына (алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келу) және 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.
Жыл басынан бері 700-ден астам жолаушы әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін рейстен шеттетілді.