Алматы әуежайында карантиндік зиянкес табылған өнімдерге тосқауыл қойылды

289

Материалдар процестік шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. 

Алматы әуежайында карантиндік зиянкес табылған өнімдерге тосқауыл қойылды Фото: АШМ

Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің мемлекеттік инспекторлары "Алматы халықаралық әуежайы" фитосанитариялық бақылау бекетінде қауіпті карантиндік зиянкес – батыс гүл трипсімен залалданған импорттық өнімдерді ел аумағына кіргізуге жол бермеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қауіпті зиянкес Нидерланд Корольдігінен жеткізілген салат көктері партиясынан, сондай-ақ Армения Республикасынан әкелінген 600 дана кесілген гүлден анықталды.

Аталған өнім иелеріне қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 400-бабының 2-бөлігіне ("Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын бұзу") сәйкес әкімшілік іс қозғалды. Материалдар процестік шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Қазақстанның Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу бекеттерінде фитосанитариялық бақылауды күшейту жұмыстарын жалғастыруда.

Қолға алынған шаралар аса қауіпті карантиндік объектілердің еліміздің аумағына кіргізілуі мен таралуының алдын алуға, отандық агроөнеркәсіптік кешенді қорғауға және елдің фитосанитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу