Әуежайдың баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, кептеліс таңғы сағат 6:00 шамасында орын алған. Себебі, осы уақытта әуежайға Меккеден келген ұшақ қонған.
"Әуежайға қажылықтан келгендерді күтіп алу үшін көп адам жиналды. Сондай-ақ, олардың кейбірі өткізу бекетінің дәл жанына келгенде тұрақ ақысын төлемегендері естеріне түсіп, көліктерін сол жерге қалдырып, мәселені шешуге кетті. Нәтижесінде осындай кептеліс орын алды",– деген түсінік берді баспасөз қызметінен.
Айта кетейік, бұл мәселе бір сағаттың ішінде шешілгені белгілі болды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу