Алматы әуежайында коронавирусқа тест тапсыруға болады

608

Тестілеу құны – 17 500 теңге.

Алматы әуежайында коронавирусқа тест тапсыруға болады

 Алматы халықаралық әуежайында COVID-19 вирусына тест тапсыратын мүмкіндік пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әуежайда ашылған Тестілеу орталығының Grinlab kz зертханасында төмендегідей диагностика шараларынан өтуге болады:

ПТР (3 ген, 1 локализация) – адамның мұрын ауыз қуысынан жағынды алынады. Ол үшін 3 сағат бұрын тамақ ішуге, тіс жууға, сағыз шайнауға болмайды.

Тестілеу құны - 15 500 тг. Талдау нәтижесі 1 күнде дайын болып, клиенттің поштасына жіберіледі.

ПТР (3ген, 2 локализация) – адамның ауыз және мұрын қуысынан жағынды алынады. Нәтижесі шамамен 1 күн ішінде дайын болады. Алдын ала дайындықтың қажеті жоқ.

Тестілеу құны – 17 500 теңге.

Қандағы антиденелерді анықтауға арналған ИФА-тест шамамен 1 күнде дайын болады. Тестілеу құны – 9 000 теңге.

Антиденелерге экспресс тест 15 минутта дайын болады. Тестілеу құны – 7000 теңге.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу