Алматы әуежайында рейстер кешіктірілді

918

Көкке көтерілетін әуе кемелерінің уақыты 15 минуттан бір сағат қырық минутқа дейін кейінге шегерілді.

Алматы әуежайында рейстер кешіктірілді

Бұрқасын салдарынан Алматы Халықаралық әуежайына қонатын әуе рейстері тоқтатылып, бірқатарының ұшу уақыты кешікті, деп хабарлайды 24.kz.

Стамбул, Пекин және Душанбеден келетін әуе қатынасы  тоқтатылды. Оған қоса өзге қалалар мен халықаралық  5 рейс  және Алматыға келетін 14 ұшақтың келу уақыты кешіктірілді. Ұзын саны 28 рейс кешіккен. Көкке көтерілетін әуе кемелерінің уақыты 15 минуттан бір сағат қырық минутқа дейін кейінге шегерілді.

Әуежай мамандарының мәліметінше, рейстердің кешігуіне ұшақтар қанатындағы мұз құрсауына қарсы жүргізілген жұмыстар себеп болған. Кейін барлық бағыттар бойынша ұшақтардың кестесі қалпына келтірілді.

"Жолаушыларға басқа рейстерге тегін брондау жасаған және басқа қалалардың тұрғындарын қонақ үйде орналастырған. Рейстердің ұшу кестесі қалпына келіп жатыр. Әлі толық орындалмаған бір,екі рейстер бар шығар", – дейді "Эйр Астана" әуе компаниясының корпоративтік коммуникациялар жөніндегі менеджері Тілек Әбдірахымов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу