Алматы әуежайында Thai AirAsia X рейстері отынмен қамтамасыз етіледі

163

"ҚазМұнайГаз-Аэро" Тай елінің әуе компаниясымен келісімшарт жасасты.    

Алматы әуежайында Thai AirAsia X рейстері отынмен қамтамасыз етіледі Фото: kmg.kz

Осылайша Алматы – Бангкок бағыты бойынша жолаушылар рейстерін тұрақты орындайтын әуе кемелері жанармай құя бастады, леп жазады inbusiness.kz сайты.

Келісім аясында ҚМГ-ның еншілес компаниясы Алматы халықаралық әуежайында барлық процедуралардың авиациялық қауіпсіздіктің, отын сапасы мен операциялық тиімділіктің әлемдік стандарттарына сай "ұшақ қанатына" жанармай құюды қамтамасыз етеді. 

Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің ірі тасымалдаушылардың біріне қызмет көрсету – халықаралық авиакомпаниялардың тарапынан Қазақстан нарығына қызығушылықтың тұрақты өсуіне және Алматыдан ұшатын маршруттық желінің кеңеюіне ықпал етеді.

– ҚМГ-Аэро ҚР Үкіметінің қолдауымен жетекші халықаралық тасымалдаушылармен ынтымақтастықты кеңейту және Қазақстан әуежайларында авиаотынмен қамтамасыз етудің ашық, тұрақты және бәсекеге қабілетті жағдайларды қалыптастыруға бағытталған жүйелі жұмысты жалғастыруда. Шетелдік тасымалдаушылар өздерінің маршруттық желісін кеңейтудің нүктесі ретінде еліміздің әуежайларын таңдағаны біз үшін маңызды. Біз, өз кезегінде, жанармай құю операцияларының тұрақтылығын, қауіпсіздігін және жоғары сапасын қамтамасыз етеміз, – делінген компания таратқан хабарламада. 

Айта кетейік, Thai AirAsia X – Тай елінің авиакомпаниясы. AirAsia тобына кіреді. Тасымалдаушы Қазақстан, Жапония, Оңтүстік Корея, Австралия, ҚХР және Таяу Шығыс елдеріне рейстерді тұрақты орындайды.

Бұған дейін отандық компания SpaceBee Airlines, AZAL Azerbaijan Airlines, My Freighter Airlines пен Easy Charter, сондай-ақ Turkish Airlines компанияларымен Алматы әуежайында әуе кемелерінің "ұшақ қанатына" отын құю жөнінде келісімшарт жасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу