Алматы әуежайында төрт шетелдік жалған құжатпен ұсталды

863

Олар құжатты Қазақстаннан транзит арқылы өту үшін сатып алған.

Алматы әуежайында төрт шетелдік жалған құжатпен ұсталды

Бүгін Алматы әуежайында Орта Азиялық бір елдің 4 азаматы төлқұжатты тексеру кезінде ұсталды, деп жазды inbusiness.kz ҚР ҰҚК шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Олардың багажын тексеру кезінде нақты төлқұжаттары табылған. 

Алдын ала мәлімет бойынша, жалған құжаттарды олар Қазақстан арқылы транзитпен өткізу үшін сатып алған. Бір жалған төлқұжаттың құны 10 мың доллар болған. 

"Жалған құжаттар тәркіленді. Оларды елден шығару мәселесі шешілуде", – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу