Алматы әуежайында төтенше жағдай орын алды

688

Әуе оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ, SCAT әуе компаниясы тергеу жүргізіп жатыр.

Алматы әуежайында төтенше жағдай орын алды

Кеше Хургада — Алматы бағытына қатынайтын әуе кемесі қонып жатқанда төтенше жағдай болды, деп хабарлайды sputniknews.kz. 

"Алматы әуежайында екінші айналымға кету кезінде 5038 рейсін (Хургада — Алматы) орындайтын әуе кемесі артқы тірегімен ұшу-қону жолағына тиіп кетті", — деп хабарлады SCAT әуекомпаниясынан. 

Хабарламада ұшақ аман-есен қонғаны аталып өткен, зардап шеккендер жоқ. 

Қазіргі таңда әуе компаниясы жұмысын штаттық режимде жалғастырып жатыр, әуе оқиғасынан кейін SCAT-та тергеу жұмыстары басталды.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу