Алматы әуежайында туристік полиция бекеті ашылды

991

Онда, бірнеше шет тілін меңгерген полиция қызметкерлері жұмыс істейтін болады.

Алматы әуежайында туристік полиция бекеті ашылды

Бұған дейін, туристік полиция бекеттері мегаполистің көрнекті жерлерінде ашылған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтсақ, "Астана" республика алаңы, "Медеу" спорт кешені, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің саябағы және Көктөбе саябағында.

"Ішкі істер органдарын реформалау, сондай-ақ, жол картасы мен туристік саланы дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында бірнеше ай бұрын ІІМ-де туристік полиция бөлімшесі құрылды. Мақсат – Қазақстанның халықаралық беделін және туристік тартымдылығын арттыру. Біздің департаменттің құрылымында көші-қон қызметінің негізінде туристік полиция құрылды. Бүгінгі таңда жаңа құрамда 20-дан астам адам бар. Бұл арнайы полиция қызметкерлері, олар кәсіби шеберліктері мен қызметтік дағдыларымен қатар бірнеше шет тілдерін меңгерген, атап айтқанда, ағылшын, француз, қытай және т.б. тілдерде сөйлейді. Білімдерін жетілдіру мақсатында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде туристік полиция офицерлері үшін қосымша курстар ұйымдастырылуда. Бөлім білікті кадрлармен толық қамтамасыз етілген", – деді Алматы ПД бастығының орынбасары Ізбасар Бектұров.

Сонымен қатар, Алматы халықаралық әуежайында полиция бекеті құрылды. Мегаполиске келген шетелдіктер полицияға қызметкерлерінің көмегіне жүгіне алады. Қажет болған жағдайда, анықтамалық сипаттағы ақпаратты береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу