Алматы әуежайында ұшақ пен көлік соқтығысты

811

Оқиғаға қатысты тексеру басталды. 

Алматы әуежайында ұшақ пен көлік соқтығысты

22 қазан әлеуметтік желілерде Алматы әуежайында болған жол көлік оқиғасының бейнежазбасы тарады. Бір ерекшелігі жолды ұшақ пен жеңіл көлік бөлісе алмаған. Жазба астында “әуежай, таңғы сағат 7:00” деп қана жазылған. Бұл ретте inbusiness.kz тілшісі Көліктегі полиция департаментінен түсініктеме сұрады. 

“ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабының 1-бөлігі бойынша (қозғалыс қауіпсіздігі ережелерін және әуе көлігінің жұмысын бұзу) сотқа дейінгі тергеу басталды. Тексеру жүргізілуде”, – деп хабарлады Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кететіні, ведомство тергеу амалдарына кедергі келтірмеу мақсатында қосымша ақпарат таратылмайтынын хабарлады. Алайда желіде арнайы көлік қызметінің Reno маркалы көлігі Бакудан ұшып келіп, жолаушыларын түсірген "Flyjet" компаниясының әуе кемесімен сағат 6:42 шамасында соғылғаны туралы мәліметтер тарауда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу