Алматы әуежайында Visit Almaty ақпараттық орталығы ашылды

161

Алматы халықаралық әуежайының жаңа терминалында Visit Almaty ақпараттық орталығы жұмысын бастады.

Алматы әуежайында Visit Almaty ақпараттық орталығы ашылды Фото: Алматы әкімдігі

Орталық тәулік бойы істейді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Халықаралық, сондай-ақ ішкі туристерге ақпараттық және кеңес беру көмегін ұсынады. Күндізгі және түнгі ауысымда жұмыс істейтін білікті кеңесшілер шетелдік туристерге қаладағы бағыт-бағдар бойынша, көрікті жерлерді табуға көмектеседі.

Сонымен қатар, мәдени іс-шаралар мен туристік маршруттарға қатысты сұрақтарға жауап береді.

Орталықта туристер үшін арнайы аймақ жабдықталған. Бұл аймақта туристер жүк сөмкелерін жоғалтып алған жағдайда немесе басқа да күтпеген жайттар орын алған сәтте, тек көмек алып қана қоймай, өз мәселелерінің шешімін қолайлы жерде күтуге мүмкіндік алады.

Visit Almaty ақпараттық орталықтары туристерге маңызды ақпарат пен қызметтерге қолжетімділікті едәуір жеңілдетіп, туристік инфрақұрылымды дамытуға және қаланың туристер арасындағы тартымдылығын арттыруға ықпал етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу