Алматы әуежайында заманауи өнер көрмесі ашылды

124

Халықаралық ұшу аймағында суретші Әсем Сүлейменованың жеке көрмесі көпшілікке ұсынылды.  

Алматы әуежайында заманауи өнер көрмесі ашылды Фото: gov.kz

Әсем Сүлейменова – халықаралық Golden Time Talent (Ұлыбритания) байқауының лауреаты. Ол 2023 жылы жеңімпаз атанып, 2024 жылы Гран-при иегері болған. Бұл туралы қалалық туризм басқармасы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Көрме Art & Tourism Almaty жобасы аясында ұйымдастырылған. Жоба заманауи өнерді қаланың қоғамдық кеңістіктеріне енгізуге, Алматының мәдени имиджін ілгерілетуге және жергілікті авторларды қолдауға бағытталған.

Экспозицияда суретшінің түпнұсқа туындылары қойылған. Онда болмыс, табиғат және ұлттық бейне тақырыптары көрініс тапқан. Автор дәстүрлі мотивтерді заманауи көркем тіл арқылы жаңа қырынан ұсынады.

Көрменің әуежай аумағында өтуі шетелдік қонақтарға Қазақстанның қазіргі мәдениетімен танысуға мүмкіндік беріп, жергілікті өнердің қаланың маңызды кеңістіктеріндегі орнын кеңейтеді.

Туризм басқармасы өкілдерінің мәліметінше, Art & Tourism Almaty жобасы қаланың креативті индустрияларын дамыту аясында жүзеге асырылып келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу