Алматы әуежайында жалған құжатпен жүрген шетелдіктер ұсталды

810

Алматы әуежайында жалған құжатпен жүрген шетелдіктер ұсталды

Алматы әуежайында Тбилисиден келген алты Түркия азаматы жалған құжатпен ұсталды деп хабарлады ҰҚК шекара қызметінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, шекаралық бақылау бекетінде Түркия азаматтары жалған құжатпен ұсталған. 

"Ұсталғандардың айтуынша, олар Қазақстан аумағын Еуроодақ аумағына  өту үшін транзит алаңы ретінде пайдаланбақ болған. Аталған факті бойынша құқық қорғау және өзара бірлескен органдар толықтай хабарландырылды", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу