Алматы әуежайында жалған ПТР-анықтама жасатқан сегіз турист ұсталды

1086

Құқық бұзушылар аталған сертификаттарды интернеттен сатып алған.

Алматы әуежайында жалған ПТР-анықтама жасатқан сегіз турист ұсталды

Алматы халықаралық әуежайында жалған ПТР-анықтама жасатқан сегіз турист ұсталды, деп деп хабарлайды inbusiness.kz көлік полициясы департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ұсталғандардың барлығы - Алматыдағы жеке фирмалардың бірінің қызметкерлері, оларда бонус ретінде БАӘ-нің Дубай қаласына жолдамалар берілген", – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Жауап алу кезінде құқық бұзушылар ПТР-тесттерді интернеттен сатып алғанын түсіндірді.

Аталған фактілер бойынша Республика Қылмыстық кодексінің 385-бабы (қасақана жалған құжат қолдану) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу