Алматы әуежайында жасөспірімнің "әзілі" әуежайды аяғынан тік тұрғызды

121

Штаб өкілдері жолаушыларды орынсыз әзілдесіп, жалған ақпарат таратпауға шақырды.

Алматы әуежайында жасөспірімнің "әзілі" әуежайды аяғынан тік тұрғызды Фото: Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі

Алматы халықаралық әуежайында жасөспірім досының сөмкесінде жарылғыш зат бар екенін айтып әзілдеген. Салдарынан рейс кешікті, деп жазады inbusiness.kz сайты.   

Жасөспірімнің хабарламасынан кейін Алматы қалалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы әуежайға тексеріс жүргізген.  

Ұшақ борты мен барлық жолаушының заттарына тексеріс жүргізіп, рейс кешікті. Ұшуға уақытша шектеулер қойылды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу