Алматы халықаралық әуежайы жоғалған жүктердің сатылатыны туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Алматы халықаралық әуежайы ешқандай аукцион өткізіп жатқан жоқ. Егер сіз жоғалған жүктер сатылымы жөнінде жарнама көрген болсаңыз, сілтемесін бізге жіберіп, ол парақшаға шағымдануларыңызды сұраймыз. Мұқият болып, алаяқтардан сақ болыңыз!", – делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу