Алматы-Бішкек рейсі жолаушысының қосалқы телефон қуаттағышы (power bank) өртенген, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Оқиға "Эйр Астана" әуе компаниясының халықаралық рейстерінің ұшып шығу залында тексеру рәсімі кезінде орын алған.
"Эйр Астана" әуе компаниясының Алматы – Бішкек бағытында KS 109 рейсі бойынша ұшып кетпек болған жолаушы Т.М. портативті зарядтағышты (Power bank) тұтанды. Жолаушыларды зарядтағыштарды тасымалдау ережелері туралы хабардар ету мақсатында "Қазақстанның Авиация әкімшілігі" АҚ жолаушыларға авиакомпания ережелерін сақтауды және қажет болған жағдайда кеңес алуды, сондай-ақ авиакомпания мен әуежай қызметкерлерін ұшу кезінде зарядтағыштардың болуы туралы хабардар етуді қатаң түрде ескертеді", – деп жазылған хабарламада.
Мұндай жүктерді әуе көлігімен қауіпсіз тасымалдауға арналған техникалық нұсқаулыққа сәйкес, қосалқы аккумуляторларды, соның ішінде қуаттағышты қол сөмкеге салу керек.