Алматы әуежайында төбелес болып, полиция оқ атты

835

Алматы халықаралық әуежайында төбелескен үш адам ұсталды.

Алматы әуежайында төбелес болып, полиция оқ атты

Төбелес кезінде полиция қызметкерінің ескерту оқ атуы да тексеріліп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Қалалық полиция департаментінің ақпаратына сүйенсек, төбелескен адамдар мас болған. 1994 жылы туған азамат полицияға шыны бөтелкемен шабуылдаған. Оларды тоқтату үшін тәртіп сақшысы аспанға ескерту оғын атқан.

"Төбелеске қатысушылар Алматы және Түркістан облысының тұрғындары. Екеуі адам тонағаны және бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін бұрын сотталған", – деп хабарлайды департаменттен.

Ұсталғандардың ісі Қылмыстық кодекстің "бұзақылық" (293-бабы екінші бөлігі) бойынша сараланады. Олар қамауға алынды, сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұдан бөлек қызметтік қаруды қолдану дерегі де тексеріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу