Алматы әуежайындағы жаңа терминал құрылысы 2024 жылы аяқталады

Бұл айлақтың өткізу қабілетін 14 млн жолаушыға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Алматы әуежайындағы жаңа терминал құрылысы 2024 жылы аяқталады Фото: ans.kz

Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев елордада өткен брифинг барысында айтты. 

Оның сөзінше, қаладағы халықаралық әуежай жүктемесі жоғары. 

Ерболат Досаев бұл мәселені жеке бақылауда ұстайтынын атап өтті. Жаңа терминалдың құрылысын TAV Airports Holding түрік компаниясы жүзеге асырады. Жұмыс кестеге сәйкес жүріп жатыр, құрылыс 2024 жылдың жазында аяқталуы тиіс. 

"Әуежайдың өткізу қабілеті-жылына 2 млн жолаушы. Биыл 8 млн-нан астам адам күтілуде. Алматы хабқа айналуда – жаңа терминал бізге ауадай қажет", – деп атап өтті қала басшысы. 

Жаңа терминалды іске қосу өткізу қабілетін жылына 14 млн жолаушыға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу