Алматы әуежайының авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тарифі бекітілді

1078

Алматы әуежайының авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тарифі бекітілді

ҚР ИДМ азаматтық авиация комитеті "Алматы халықаралық әуежайы" АҚ өтінімін қарау қорытындысы бойынша 2017 жылдың 1 қарашасынан бастап күшіне енетін авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде реттелетін қызмет көрсетулер туралы 2017-2021 жылдарға арналған тарифтердің шекті деңгейін бекітті, деп хабарлайды ҚР ИДМ баспасөз қызметі.

Авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша реттелетін қызмет көрсетулер тарифтерінің көтерілуі келесіні құрады: кәсіпорынның өтімге шыққан 145,7% и 131,8%-нан ішкі әуе желілері (тұрақты) үшін – 36,7%, ішкі әуе желілері (тұрақты емес) үшін – 21,9%. 

"Алматы халықаралық әуежайы" АҚ-ның авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тарифтері 2010 жылдан бері қайта қаралмаған.

Заманауи тексеру құралдарымен қайта жарақтандыру инвестициялық бағдарламасын іске асыру, қызметкерлер санының көбеюі және орташа жалақының индексациялануы, сонымен қатар өндірістік шығындардың көбеюі (шикізат, материалдар, отын, электрэнергиясы) тарифтердің өзгеруіне себеп болып отыр.

Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылар құқықтарын қорғау комитетімен бірігіп бекітілген "Алматы халықаралық әуежайы" АҚ инвестициялық бағдарламасында екі проекциялық рентген телевизиялық құрылғысы, жарылғыш және есірткі заттардың портативті және үстел үсті талдауышы, химиялық, жауынгерлік уландырғыш заттардың және уытты өнеркәсіптік заттардың портативті (қол) талдауышы, стационарлық арқалық металл детектор, қол металл детекторы, автоқорғауыштар және жүріп өту мүмкіндігі жоғары автомобиль сатып алуды қарастырады.

Аталған шаралар маңызды мекемелерді, халық көп шоғырланатын нысандарды қорғауды күшейту қажеттілігі бойынша ICAO стандартына сәйкестендіруге мүмкіндік береді.

Рейс құнының құрылымында авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шығындары шамамен 0,1-0,3% құрайды.

Бекітілген тарифтер авиабилет құнына айтарлықтай әсер етпейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу