Алматы әуежайының бұрынғы президенті сотталды

893

Авиациялық жанар-жағармайды пайдаланған.

Алматы әуежайының  бұрынғы президенті сотталды Фото: Андрей Лунин

Алматы әуежайының  бұрынғы президенті Айбол Бекмұхамбетов сегіз жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты ҚазТАГ агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттіктің жазуынша, Алматы соты Бекмұхамбетовке қатысты 189-баптың 4-бөлігінің 2-тармағы (Бөтеннің сеніп тапсырылған мүлкін иемдену немесе жымқыру) бойынша іс қозғалып, сотталғандығы туралы мәліметті растаған.

Сондай-ақ Авиациялық жанар-жағармай қызметінің бұрынғы басшысы Қуаныш Тұмышев та сегіз жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот Бекмұхамбетов пен Тумышевтан Алматы әуе айлағының пайдасына 913 165 АҚШ доллары немесе 417 891 698 теңге көлемінде материалдық шығынды бірлесіп өндіру туралы шешім қабылдады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу