Алматы әуежайының экс-басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалды

815

Айбол Бекмұхамбетов сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алды немесе талан-таражға салды деген күдікке ілінді.

Алматы әуежайының экс-басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Алматы әуежайының экс-президенті әрі бұрынғы мәслихат депутаты Айбол Бекмұхамбетов сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденді немесе талан-таражға салды деген күдікке ілінді. Бұл туралы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтемемен almaty.tv хабарлайды.

Ол 2019 жылы 6 сәуірде екі айға үй қамауына алынған. 15 сәуірде Бекмұхамбетов қамауға алу түріндегі үкімге келіспей, Алматы қаласының сотына шағымданды, осылайша оның бұлтартпау шарасы қамауға алудан кепілдікпен босатуға өзгертілген.

"Бекмұхамбетовке қатысты сотқа дейінгі шаралар ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы (аса ірі мөлшерде жасалған Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) бойынша жүргізіліп жатыр", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу