Алматы әуежайының маңында құрғақ шөп өртенді

94

Зардап шеккендер жоқ.

Алматы әуежайының маңында құрғақ шөп өртенді Фото: pexel

Алматы әуежайы баспасөз қызметі әуе айлағының аумағында ешқандай төтенше жағдай болмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ал Алматы облысы ТЖД мәліметінше, 10:44-те департаменттің кезекші бөліміне Талғар ауданы Гүлдала ауылдық округінің аумағында құрғақ шөп өртенгені туралы қоңырау келіп түскен.

"Өртті жою үшін оқиға орнына Өтеген Батыр ауылының №8 өрт сөндіру бөлімінің 3 қызметкері мен арнайы техника, сондай-ақ Алматы қаласының №11 өрт сөндіру бөлімінің 4 қызметкері мен бір техника жіберілді. Өрт сөндірушілер 500 шаршы метр аумақта құрғақ шөп өртенгенін анықтады. 12:18-де от толық өшірілді. Зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу