Алматы әуежайының президенті қайғылы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады

859

Бортқа салмағы 603 кг жолжүгі, 613 кг жүк тиелген.

Алматы әуежайының президенті қайғылы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады

Алматы маңында апатқа ұшыраған ұшақ бортында салмағы 603 кг жолжүгі болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Оқиғаға қатысты айтарым: Bek Air әуе компаниясының рейсі Алматы-Нұр-Сұлтан №2100 бағыты бойынша жүзеге асырылды; ұшақ типі Foker-100; әуе кемесінің командирі Мұратбаев, екінші ұшқыш Молдағұлов, бортта 3 жолсерік болған. Бортта сондай-ақ 93 жолаушы болды. Оның 85-і – ересек, 5-еуі – үлкен бала, 3-еуі кішкентай сәби. Бортқа салмағы 603 кг жолжүгі, 613 кг жүк тиелген", – деді  Болат Ержанов Алматыда өткен баспасөз мәслихатында. 

Оның айтуынша, тіркеу жергілікті уақыт бойынша сағат 5.35-те басталған.

"Ұшақ 7.21-де ұша бастады, 7.25-те дабыл қағыла бастады. Ал 7.40-та әуе кемесінің радардан жоғалып кеткені жарияланды. Оқиға орнына бірінші болып әуежай қызметкерлері жетіп келді", – деді әуежай басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу