Кездесу барысында әуежай басшылығы Алматы қаласы әуежайының жаңа халықаралық терминалын салу жөніндегі ірі жобаның іске асырылуы туралы баяндады.
Жиынға қатысушылар әуежайды дамыту бойынша жұмыстың негізгі бағыттарын талқылады.
Бүгінгі таңда әуежай дамуының оң динамикасы және жолаушылар ағынының өсуі байқалады.
Жобаны іске асыру бекітілген кестеге сәйкес жалғасуда және Мемлекет басшысының бақылауында. Алматы әуежайының жаңа халықаралық терминалының құрылысы жоспар бойынша 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында аяқталады.
Жаңа терминалдың құрылысы жолаушылар ағынын айтарлықтай арттыруға, ұшу географиясын кеңейтуге, мегаполистің тұрғындары мен қонақтарын жайлылықтың жоғары деңгейімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді деп күтілуде.
Министр әуежайдағы қызметтер мен сервисті жақсарту үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды және жолаушылардың шағымдарына дереу ден қоюды тапсырды.