Алматы әуежайының жаңа терминалын су басты

267

Әуежай өкілдері тиісті шаралар қабылданып жатқанын мәлімдеді. 

Алматы әуежайының жаңа терминалын су басты Фото: видео скриншот

Алматы әуежайының жаңа терминалын су басты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматыда қатты жаңбырдан кейін әуежайдың жаңа терминалын су басқан.

Желіде әуежай ғимаратының видеосы тарады. Видеода шатырдан жаңбыр суының ағып жатқанын байқауға болады.

Әуежай өкілдері тиісті шаралар қабылданып жатқанын мәлімдеді.

"Бұл мәселені жою үшін әуежайдың барлық қызметтері жұмылдырылды. Қазіргі уақытта техникалық қызмет суды тазалау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Халықаралық  рейстерге штатты режимде қызмет көрсетілуде”, – деп мәлімдеді әуежайдың баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу