Алматы әуежайы: жаңа терминалдың құрылысы 2024 жылдың жазында аяқталады

Ал жаңа VIP терминал 2023 жылдың жазында іске қосылады.  

Алматы әуежайы: жаңа терминалдың құрылысы 2024 жылдың жазында аяқталады Фото: Хабар

Бұл туралы Алматы халықаралық әуежайының президенті Ерсой Альп Ер Тунга арнайы брифингте айтты. 

Қолданыстағы терминал ғимаратына және әуежай инфрақұрылымын дамытуға 5 млн доллар инвестицияланды. Әуежайдың қауіпсіздік жүйесіне 1 млн доллардан астам қаржы жұмсалған. 

"Алматы халықаралық әуежайында құрылыс жұмыстары қызу жүріп жатыр.  Олар 2022 жылы басталды. TAV Airports Holding жаңа терминал жобасына 200 млн доллардан астам инвестиция салуда. Алматы халықаралық әуежайының жаңа терминалының құрылысы 2024 жылдың жазында аяқталады деп жоспарлануда.
 Мәдени-тарихи элементтерін VIP терминалдың жаңа ғимаратына көшіру мәселесіне үлкен көңіл бөлінді. Жаңа VIP терминалдың құрылысы 2023 жылдың жазында аяқталады деп жоспарлануда", – деді әуежай президенті БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап бере отырып. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу