Алматы аулаларын таза ұстауға 10,5 млрд теңге бөлінді

191

Бұл қаржы 4 064 ауланы талалауға жұмсалады.

Алматы аулаларын таза ұстауға 10,5 млрд теңге бөлінді Фото: Алматы әкімдігі

Барлық ауданда мердігерлерді анықтау және қаланың аула аумағын жинау бойынша шарттар жасау жөніндегі конкурстық рәсімдер аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, былтырдан бері өкілеттіктерді орталықсыздандыру аясында мегаполисте үйішілік аумақтарды жинауға арналған бюджет аудандық әкімдіктерге берілді.

Бұл пәтер иелерінің кооперативі (ПИК) көпқабатты тұрғын үйдің ауласын мүлде немесе сапасыз тазалауына байланысты тұрғындар тарапынан шағымның көптігінен кейін қабылданған шешім.

Бұл ретте, жүргізілетін жұмыстың сапасын арттыру мақсатында мердігер ұйымдармен шарт бірден 3 жылға жасалады. Жалпы, биыл 4064 ауланы тазалауға 10,5 млрд теңге бөлінді.

Аумақтағы учаскенің тазалығын сақтау, қала тұрғындары мен қонақтарының ескертулерді жою жөніндегі өтінішіне уақытылы жауап беру – мердігерлік ұйымның міндеті.

Аудандық әкімдік коммуналдық шаруашылық бөлімінің қызметкерлері күн сайын жүргізіліп жатқан жұмыстарға мониторинг жасап, аудан тұрғындарының өтінішін қарау бойынша бақылау жүргізеді.

Аула тазалаудың сапасы мәселесі бойынша аудан әкімдіктерінің телеграм чатына жүгінуге немесе мына телефон арқылы ақпарат алуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу