Алматы аулаларында бейнекамералар саны артады

710

Биыл бақылау кешендерінің  көмегімен 4 309 қылмыс ашылды. 

Алматы аулаларында бейнекамералар саны артады

Алматы қаласы Полиция департаментінің мәліметінше шаhарда "Қауіпсіз аула" бағдарламасы аясында 121 мың бақылау камерасы орнатылған. Оның 33 757-сі көп қабатты тұрғын үй аулаларында, 33 014-сі жеке секторда жұмыс істеп тұр. 

Жалпы қалалық бағдарлама бірнеше жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Бүгінде ол құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды алдын алудың тиімді тәсіліне айналды.  Оған статистикалық деректер дәлел. Мәселен жыл басынан бері тұрғын үй аулаларында орнатылған камералардың көмегімен 4 309 қылмыс ашылды. 

Енді мегаполисте мұндай кешендердің санын арттыру жоспарлануда. Бекітілген алгоритм бойынша камера орнатуға ниетті тұрғындар пәтер иелерінің коперативімен бірлесіп камера орнатып, техникалық көмек көрсететін компанияны таңдайды. Тараптар келісім шартқа қол қойып, тұрғындар айына 200 теңге мен 350 теңге арасында ақы төлеуге міндеттеледі. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу