Алматы аумағында жойқын жер сілкінісі күтілмейді – ТЖМ

1461

Министрліктің дерегінше, өңірлердегі азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің күштері мен құралдары жоғары дайындыққа келтірілді.

Алматы аумағында жойқын жер сілкінісі күтілмейді – ТЖМ Фото: primeminister.kz

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Үкімет отырысында Алматыда болған жер сілкінісі бойынша ақпарат берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

23 қаңтар күні түнгі сағат 12-ден 9 минут кеткенде Ұлттық ғылыми сейсмологиялық орталығының деректері бойынша эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 264 км жерде Қырғыз және Қытай Халық Республикаларының шекарасында жер сілкінісі тіркелді.

"Сағат 07.00-дегі жедел жағдай бойынша 3 сейсмикалық оқиға тіркелді (00.09 сағат, 00.42 және 01.36 сағат), олар Алматы қаласында – 5, Шымкент қаласында – 2, Жамбыл облысында – 2-3 және Жетісу облысында – 4 балл. Алдын ала мәліметтер бойынша ғимараттар мен құрылыстардың бұзылыуы жоқ. ТЖ министрінің төрағалығыммен Төтенше жағдайлар министрлігінде Республикалық жедел штаб ашылды, осындай штабтар аумақтарда жұмыс істеуде. Төтенше жағдайлар министрлігінің психологтарымен жедел желі телефондары ұйымдастырылды", - деді ведомство басшысы.

Сырым Шәріпхановтың сөзінше, өңірлердегі азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің күштері мен құралдары жоғары дайындыққа келтірілді. Командалық-штабтық машиналар орналастырылды, құтқару бөлімшелерінің топтары және халықты хабардар ету жүйесі ден қоюға дайын.

"Алматы қаласында зардап шеккен халықты қабылдау пункттері іске қосылды, олар барлық өңірлерде бар. Жақын орналасқан пункттер туралы деректер 2ГИС платформасында және көппәтерлі тұрғын үйлердің кіреберістеріндегі ақпараттық QR-тақтайшаларда орналастырылған. Сейсмикалық болжау комиссиясының өткізілген отырысына сәйкес Алматы қаласының аумағында қатты және жойқын жер сілкінісі күтілмейді. Осыған байланысты, өңірлердің тұрғындарынан дүрбелеңге түспеуін және тек ресми дереккөздеріне сенуін сұраймын", - деп жалғастырды министр.

Қазіргі уақытта өңірлерде ғимараттар мен құрылыстардың, оның ішінде қорғаныш гидротехникалық объектілердің ықтимал бұзылуына комиссиялық тексеру жүргізіліп жатыр.

ТЖ департаменттері азаматтардың барлық хабарламаларын тіркеп, дереу шығуды жүзеге асырып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу