Алматы ауруханаларына бір айда 40 адам кене шағып, көмекке жүгінген

1069

Биыл сәуірде Алматыда 40 адамды кене шағып, 2 тұрғын кене энцефалитін жұқтырды. Бұл туралы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы қабылдау бөлімінің меңгерушісі Бауыржан Омаров айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алматы ауруханаларына бір айда 40 адам кене шағып, көмекке жүгінген

"1-30 сәуір аралығында кене шаққан 40 адам ауруханаға келген. Оның ішінде 16 науқастан кене медициналық пункттерде алынған, ал 15 адам кенені өз бетінше алып тастады, тағы 9 тұрғын кенемен келді", – деді Бауыржан Омаров. 

Ол 2 адам кене энцефалитін жұқтырғанын жеткізді. Оның айтуынша, барлық науқасқа кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулин салынған.

"Оларды кене Медеу, Көк Төбе, Көлсай, Шымбұлақ, Алма-Арасан, Бутаковка және аудандық саяжайлар аумағында шаққан", – деді бөлім меңгерушісі.

Дәрігер жазда кенелер белсенді болатынын, олар қазанға дейін қауіп төндіретінін атап өтті. Сондықтан ол табиғатқа шығу кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керегін, вакцинаны алу маңызды екенін жеткізде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу