Алматы қаласы құтқару қызметінің автопаркі "Ssang Young" маркілі жаңа маневрлі 10 эвакуатормен толықты. Бұл техника евро-6 экологиялық сыныпқа сай, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін құтқару қызметінің балансында Камаз бен Мазға көлік тиейтін 20 эвакуатор болған еді.
Арнайы техника түрлі бағытқа ыңғайлы, жанармайды аз жұмсайды, аулаларда, тар көшелерде, көпір астында да жұмыс істеуге ыңғайлы.
Бұл техника аулада өрт болғанда көлікті эвакуциялау уақытын қысқартуға, апатты көліктерді магистральді көшелерден алып кетуге, қар тазарту кезінде қалған автомобильдерді тез арада жылжытуға, тұраққа дұрыс қойылмаған көлікті тиеу жұмысын жеңілдетуге мүмкіндік береді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу