Алматы автопаркіне 300 жаңа автобус қосылады

Оның ішінде Алматыэлектротранс – 226 бірлік, жеке меншік тасымалдаушылар – 83 автобус. 

Алматы автопаркіне 300 жаңа автобус қосылады Фото: Centralasia.news

Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Алмалы ауданы тұрғындарымен кездесуінде айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Тұрғындардың тілектерін ескере отырып, әкімдік былтыр 2 автобус маршрутының қозғалыс сызбасына өзгерістер енгізді, 10 жаңа аялдама жабдықталды. Қыркүйекке дейін тағы 7 жаңа аялдама орнату жоспарға енгізілген. Жылжымалы құрамды жаңарту мақсатында биыл Алмалы ауданының аумағынан өтетін 18 маршрутқа 309 жаңа автобус сатып алу жоспарда бар", – деді шаһар басшысы.

Оның ішінде Алматыэлектротранс – 226 бірлік, жеке меншік тасымалдаушылар – 83 автобус.

№12, 30, 56, 80, 124, 59, 70, 77, 118, 32, 92, 37, 44, 99, 18, 19, 17, 13 маршруттарда автобустар жаңартылады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу