Алматы Азиядағы қысқы демалысқа арналған үздік 8 бағыттың қатарына енді

277

Қала Жапонияның Хоккайдо, Қытайдың Харбин және Оңтүстік Кореяның Тогюсан курорттарымен қатар аталған.

Алматы Азиядағы қысқы демалысқа арналған үздік 8 бағыттың қатарына енді Фото: dknews.kz

Tatler Asia басылымы Алматыны Азиядағы қысқы демалысқа арналған үздік сегіз бағыттың тізіміне қосты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Басылым Алматының басты артықшылықтарының бірі ретінде тау шаңғы курорттарының қалаға жақын орналасуын атап өткен. Мәселен, "Медеуден" "Шымбұлаққа" аспалы жолмен 20 минутқа жетпейтін уақытта жетуге болады.

Сондай-ақ туристер Талғар асуына барып, әлемдегі түнгі шаңғы тебуге арналған ең биік трассалардың бірінде демала алады.

Басылым мегаполис пен тау курорттарының үйлесімі туристерге шаңғы тебумен қатар музейлерді, мейрамханалар мен мәдени кеңістіктерді аралауға мүмкіндік беретінін жазған.

Алматының туристік әлеуетін одан әрі дамыту мақсатында тау кластері жобасы жүзеге асырылып жатыр. Жоба аясында жаңа жол салу, шаңғы трассаларын кеңейту және инфрақұрылымды дамыту жоспарланған. 

Almaty_akimdigi telegram

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу