Алматы балабақшаларында 5 жылда 20 мыңнан астам жаңа орын ашылады

1169

Бөбекжайларда орын тапшылығы мәселесін шешу мақсатында жеке білім беру ұйымдарына жалға берілген мемлекеттік балабақшаларды қайтару бойынша шаралар жүргізілуде. 

Алматы балабақшаларында 5 жылда 20 мыңнан астам жаңа орын ашылады

Алматыда қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың және білім беру ұйымдарының бірінші басшыларының қатысуымен Білім басқармасы алқасының отырысы өтті. Жиында мектепке дейінгі білім берумен қамтуды арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға ерекше назар аударылды. 

Бала туу көрсеткішінің жоғары болуына және белсенді көші-қон процестеріне байланысты әкімнің тапсырмасы бойынша балабақшалардағы орын тапшылығы мен кезек мәселелерін шешу жөніндегі шаралар күшейтілді.

Қалалық білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева мектепке дейінгі тәрбиемен 1 жастан 6 жасқа дейінгі 65 080 бала, 3 жастан 6 жасқа дейінгі 57 020 бала қамтылғанын баяндады.

"Кезекті азайту үшін келесі шаралар қабылдануда: ағымдағы жылы 670 орындық 4 мемлекеттік балабақша пайдалануға беріліп, 120 орындық тағы 1 мемлекеттік балабақшаның құрылысы аяқталуда. Сонымен қатар "Жұмыспен қамтудың жол картасы" аясында 520 орындық тағы 3 мемлекеттік балабақшаның құрылысы жүргізілуде. Бұған қоса биылғы жылы 1 378 орындық 48 жекеменшік мектепке дейінгі ұйым ашылды", - деді спикер. 

5 жыл ішінде 360-қа жуық жекеменшік балабақшада 14 900 орынға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын кезең-кезеңімен орналастыру жоспарлануда.

Сонымен қатар, орын тапшылығын төмендету мақсатында жеке білім беру ұйымдарына жалға берілген мемлекеттік балабақшаларды қайтару бойынша шаралар қарастырылған. Осы жұмыс аясында Әуезов ауданындағы жалға берілген "Сказка" балабақшасының ғимараты қайтарылды, қазір күрделі жөндеу жүргізілуде және 2021 жылы онда 320 орындық 14 топ ашылатын болады.

Айта кету керек, мегаполис әкімінің бастамасымен жергілікті бюджет есебінен жекеменшік балабақшаларда ата-аналардың төлемін субсидиялау бойынша шаралар қабылдануда.

 "Жалпы қабылданған шаралар есебінен 5 жыл ішінде балабақшаларда 20 мыңнан астам жаңа орын ашу жоспарлануда", - деді Ләззат Жылқыбаева.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу