Алматы балабақшаларында орын тапшылығы мәселесі қалай шешіледі?

Айнабұлақ-4 шағын ауданында тағы 2 бөбекжай салынады.  

Алматы балабақшаларында орын тапшылығы мәселесі қалай шешіледі? Фото: gov.kz

Мектептер мен балабақшаларда орын тапшылығын азайту бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

440 орындық 2 балабақша салу және жөндеу жұмыстары басталды.

Жазда әкімдік екі қабатты әкімшілік ғимаратты сатып алды. 280 орындық балабақшаны күрделі жөндеу келесі жылы басталады. Оған Ратушный-Қазыбаев-Серіков-Рысқұлов көшелерінде тұратын балалар бара алады.

"Айнабұлақ-4 шағын ауданында 160 орындық балабақша салына бастады. Құрылыс 2023 жылдың маусымында аяқталады", – деді әкім.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу