Алматы балабақшасында "дөрекі" тәрбиеші жұмыстан шеттетілді

813

Қалалық білім басқармасы оқиғаға қатысты түсінік берді.

Алматы балабақшасында "дөрекі" тәрбиеші жұмыстан шеттетілді Фото: видео скриншот

Әлеуметтік желіде Алматыдағы балабақшалардың бірінде тәрбиешінің балаға дөрекі мінез көрсеткен видеосы шықты, деп хабарлайды  inbusiness.kz сайты.

Оқиға Kozachkov offside Telegram арнасына шықты. Онда оқиғаның "Чудо сад" жеке балабақшасында болғаны жазылған. 

Алматы қалалық білім басқармасы аталған балабақшада баламен дөрекі қарым-қатынас жасау фактісі бойынша ата-аналар 30 қарашада Наурызбай ауданының полиция басқармасына жүгінгенін атап өтті.

"Қазіргі уақытта Наурызбай аудандық полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеу органы қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізуде. Тәрбиеші мен оның көмекшісі тергеу аяқталғанға дейін қызметтен шеттетілді", - деп түсінік берді қалалық білім басқармасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу