"Алматы бас жоспарына" түзетулер енгізу бойынша қоғамдық кеңес өтеді

627

Әзірге шара 28 желтоқсанға жоспарланған.  

"Алматы бас жоспарына" түзетулер енгізу бойынша қоғамдық кеңес өтеді

Алматы Жасыл экономика басқармасы 28 желтоқсанда "Алматы бас жоспарына" түзетулер енгізу бойынша қоғамдық кеңес өткізбек. 

Оның басты мақсаты құжаттың экология қатысты тұстарын қайта мақұлдау. Сеймологиялық картаға байланысты қабылданбай келген жоспар, енді қоршаған ортаға қатысты тұстарына байланысты саралаудан өтеді. 

"Бас жоспарды әзірлеу кезінде зиянды қалдықтарды шығаратын көздердің өзгергені байқалады. Мәселен, жылу жүйелерін газға ауыстыру. Тағы бір бағыт барлық қоймалар мен, сол тектес орталықтарды қала сыртына көшіру. Яғни, бас жоспарда шаһар аумағындағы өндіріс орындарын азайтып, оларды мегаполистің аумағынан көшіру көзделген",- деп жазылған хабарламада. 

Қаланың бас жоспарына енгізілетін өзгерістермен Жасыл экономика басқармасының сайтыда танысуға болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу