Алматы базарларын модернизациялау жұмыстары 2023 жылға дейін ұзартылды

684

Шаһардағы базарлар, сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері бойынша ақпараттық реестр жаңартылды.  

Алматы базарларын модернизациялау жұмыстары 2023 жылға дейін ұзартылды

Бұл туралы Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлады. 

"Қалалық палата шаһардағы базарларды жаңарту жұмыстарының уақытын 2023 жылға дейін ұзартты. Жергілікті атқарушы органдармен бірігіп базарларды модернизациялау бойынша жол картасы әзірленді. Онда мегаполистегі сауда орындарына қатысты барлық мәселелер мен жұмыстарды жүзеге асыру уақыты көрсетілген. Сонымен қатар сауда нысандарының паспорттары жаңартылған. Бұған қоса қаладағы базарлар, сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері бойынша ақпараттық реестр жаңартылды", – деп жазылған хабарламада.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу