Алматы базарларында сатушыларға күш көрсетіп, ақша бопсалаған қылмыстық топ ұсталды

246

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалған. 

Алматы базарларында сатушыларға күш көрсетіп, ақша бопсалаған қылмыстық топ ұсталды Фото: видеодан алынған кадр

Алматы облысы мен Алматы қаласында орналасқан сауда базарларын "қорғауға" аламыз деп, кәсіпкерлерден ақша бопсалаған қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы Алматы облыстық Полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленовтың мәлім етті.

27 мамырда Алматы облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына Алматы қаласы мен өңірдің сауда базарларында "қорғауға" аламыз деп кәсіпкерлерден ақшалай қаражатты бопсалайтын қылмыстық топ туралы ақпарат түсті.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында "маргиналды жастардың" қолынан зардап шеккен Алматы облысының 47 жастағы тұрғыны анықталды. Жәбірленуші 13 мамырда Қарасай ауданында белгісіз адамдар күш қолданып, одан 3,5 миллион теңгені иемденгенін хабарлады.

25 шілдеде ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері Алматы облысы бойынша ҰҚКД-мен бірлесіп прокуратураның үйлестіруімен 31-36 жас аралығындағы ер адамдарды анықтап ұстады, - деп жазды облыстық ПД бастығы өзінің Instagram-дағы парақшасында.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалған. Олардың басқа ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріледі. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу