Алматыда сенбі күні түстен кейін "Жібек жолы" базарында өрт шықты, деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
"Авто бөлшектерді сатуға арналған сегіз контейнер жанып, металл контейнерлердің жанғыш жүктемесі жоғары болғандықтан, қатты жылу радиациясы пайда болды. Бұл өрттің тез таралуына ықпал етті", – делінген хабарламада.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, жалпы алаңы 80 шаршы метрді алған өрт жарты сағат ішінде ауыздықталып, 15:28-де толық сөндірілген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу