Алматы базарында шетелдікке қазақша үйреткен сатушы бала 4 жылдық грант иегері атанды

559

Жасөспірім қолы бос уақытта ата-анасына көмектесіп, базарда сатушы болып істейді. 

Алматы базарында шетелдікке қазақша үйреткен сатушы бала 4 жылдық грант иегері атанды Фото: tiktok.com/@sergiosbudgettravels_

Алматы қаласындағы базарда шетелден келген блогерге қазақша үйреткен Нұржолға екі университеттің гранты табысталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Көк базарда бір орнымыз бар. Ата-анама қолғабыс болу үшін сол жерде магнит, сувенирлер сатамын", – деді жасөспірім.

Нұржолдың айтуынша, шет тілін базарға келетін туристерден үйренген.

Қызық Times бағдарламасында Нұржолға Қазақ-Америка университеті атынан 4 жылға тегін оқуға грант табысталды.

"Бұл гранттан бөлек швейцариялық университеттің төрт жылдық гранты да беріледі", – деді Қазақ-Америка университетінің басқарушы серіктесі Абылай Алатаев.

"Рақмет. Бұл қазақ халқының қолдауымен болып жатқан нәрсе. Баршаңызға Алла разы болсын! Баршаңыздың үйінде осындай қуанышты күндер көп болсын!", – деді Нұржолдың әкесі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу