Алматы базарындағы өрттен 4 кәсіпкер зардап шекті

596

Өрт 1,5 мың шаршы метр аумақты шарпыған. 

Алматы базарындағы өрттен 4 кәсіпкер зардап шекті

Алматыда  өрт кезінде 4 кәсіпкердің мүлкі бүлінген. Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасы өрттен зардап шеккен кәсіпкерлерге қор ашады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Палатаның мәліметінше, базардағы өрт кезінде 4 кәсіпкердің тауарлары бүлінді: жаңажылдық шыршалар, гирляндтар, косметика, 8 наурызға арналған сыйлықтар мен ойыншықтар. Алматы қаласының ӨКП қызметкерлері кәсіпкерлермен үнемі байланыста, залал сомасы белгіленуде.

ӨКП директоры Айтуар Қошмамбетовтің айтуынша өрттің себебі электр сымдарының қысқа тұйықталуынан болған.

"Егер бизнеске консультациялар, сақтандыру төлемдері, жалға берушілермен келіссөздер жүргізу бойынша қандай да бір көмек қажет болса, мамандарымыз осы жұмысқа қосылуға, қызметкерлердің құқықтарын қорғау бөлігінде құқықтық, қаржылық сипаттағы консультациялар беруге дайын. Қажет болса, біз қаражат жинауға дайынбыз", - деді ол.

11 қараша күні сағат 10:55-те Жетісу ауданында "Турист" ЖШС мен "Саяхат" ЖШС-ға тиесілі қойма үй-жайларының өртенуі басталды, өрт 1,5 мың шаршы метр аумақта оқшауланды. Қазіргі уақытта жағдай бақылауда, бейнебақылау камералары арқылы қаланың өзара іс-қимылының барлық күштері оқиғаорнына бағытталды.

Еске салсақ, бүгін Алматыдағы "барахолка" базары өртенді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу