Алматы билігі мен БТА банкі америкалық кәсіпкерді сотқа берді

596

Феликс Сатер БТА банктің экс басшысы Мұхтар Әбілязов пен оның күйеубаласы Ильяс Храпуновқа 440 млн долларға жуық қаржыны жымқыруға көмектескен. 

Алматы билігі мен БТА банкі америкалық кәсіпкерді сотқа берді

Алматы билігі мен БТА банкі Дональд Трамптың бұрынғы серіктесін сотқа берді, деп хабарлайды Atameken Business.

Шағымда көрсетілгендей АҚШ президентінің жақсы танысы Феликс Сатер БТА банктің экс басшысы Мұхтар Әбілязов пен оның күйеубаласы Ильяс Храпуновқа 440 млн долларға жуық қаржыны жымқыруға көмектескен. Танымал бизнесмен бұдан бұрын екі мәрте істі болған. Сондай-ақ, Сатер Дональд Трамп президент болмай тұрғанда Ильяс Храпуновпен жүздестірген. Кездесуде екі тарап та инвестиция жөнінде сөз қозғаған.

Шағымда Трамптың криминалдық істен хабары болмауы мүмкін екендігі көрсетілген.

Сыбайластарымен көп ұзамай сөзге келіп қалған белгілі кәсіпкер 40 млн долларды ұрлап қашқандығы да мәлім болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу