Бұл туралы "Алматы жылу жүйесі" ЖШС хабарлады.
"Алматы қаласының бірнеше көшелері бойынша автомотокөлік қозғалысына шектеулер жылу желілерін жоспарлы қайта құрылымдауға байланысты енгізіледі", – деп жазылған хабарламада.
29 мамырдан 30 тамызға дейін Алмалы ауданында - Бөгенбай батыр көшесінің солтүстігіне қарай Байтұрсынов көшесінен Наурызбай батыр көшесіне дейін аула ішілік аумақ бойынша.
31 мамырынан 1 тамызына дейін Жетісу ауданында - Расков көшесінен Есенов көшесіне және одан әрі Колпаковский көшесімен №143 мектеп-лицей ғимаратына дейін.
1 маусым мен 30 тамыз аралығында Әуезов ауданында - Шаляпин көшесінің солтүстігіне қарай Момышұлы көшесінен Саин көшесіне дейінгі аула ішілік аумақ бойынша.
Енгізілген шектеулер аталған көшелердің астында өтетін құбырларды қайта құрылымдау бойынша жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет.
Тұрғындарға қолайлы болу үшін олардың үйлеріне ыстық су уақытша схемалар бойынша беріледі.
"Қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және аталған қалалық учаскелерді айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұраймыз", – деп жазылған хабарламада.