11 қыркүйектен бастап республикалық маңызы бар "Алматы – Бішкек" автомобиль жолының 25-шақырымында, Қаскелең қаласы маңында көлік айрығының монолитті аралық құрылысын орнату жұмыстарына байланысты биіктігі 4,5 метрден және ені 8 метрден асатын ірі габаритті және ауыр жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жеңіл және жолаушылар көлігіне, сондай-ақ белгіленген габариттен аспайтын жүк көліктеріне шектеу қолданылмайды.
Ірі габаритті және ауыр жүк көліктерінің жүргізушілерінен маршрутты алдын ала жоспарлап, балама бағыттарды пайдалануды сұраймыз.
– Жол қозғалысына қатысушылардан уақытша шектеулерге түсіністікпен қарап, жол белгілері мен қауіпсіздік талаптарын сақтауды сұраймыз, – делінген "ҚазАвтоЖол" компаниясы таратқан хабарламада.