Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты 30 қыркүйек күні сағат 08:45 шамасында Жамбыл ауданында болды.
"Алдын ала ақпарат бойынша, "Нива-2121" автокөлігінің 47 жастағы жүргізушісі Алматы-Бішкек тасжолының 44-шақырымында батыс бағытта келе жатқан. Кенет рульге ие бола алмай қалып, "Foton" жүк көлігімен соқтығысқан. Одан кейін бар инерциясымен шам бағанына соғылып, жолдың қарсы бетінде "BMW-525" және "Mitsubishi" көліктерімен соқтығысты. "Ниваның" жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Жол апатынан "BMW" көлігінің 22 жастағы жүргізушісі мен "Mitsubishi"-дің 44 жастағы жолаушысы да зардап шекті", – деп хабарлады Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.